2012 жылдың 28-29 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінде «050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы» және «5В060600-Химия» мамандықтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
«050721- Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Полимерщики», «рН 5,5» топтары, Қарағанды қаласынан Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Petroleum» тобы, Ақтөбе қаласынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Катализатор» тобы, Шымкент қаласынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ЮКГУ» тобы, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетнің «Формула успеха» тобы, Ақтау қаласынан Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжинириг универсиетінің «Жемчужина Каспия» топтары қатысты.
Сонымен қатар «5В060600-Химия» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Provehito in Altum» тобы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универсиетінің «Алғыр» тобы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университенің «Кемеңгер» тобы, Шымкент қаласынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Нейтрон» тобы, Орал қаласынан М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиетінің «Әзербаев ұрпақтары» және Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Орал аналитиктері» топтары, Қарағанды қаласынан Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Розы Парацельса» топтары қатысты.
Олимпиада нәтижесінде «050721-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бірінші орынды ҚазҰУ-дың «Полимерщики» және «рН 5,5» топтары, екінші орынды Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Формула успеха» тобы, үшінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «ЮКГУ» тобы жеңіп алды. «5В060600-Химия» мамандығы бойынша бірінші орынды ҚазҰУ-дың «Provehito in Altum» тобы, екінші орынды М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универсиетінің «Әзербаев ұрпақтары» тобы, үшінші орынды Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Розы Парацельса» тобы иеленді.
Олимпиадаға қатысушыларға Алматы қаласының әсем жерлеріне, сонымен бірге Көктөбе мен Медеу спорт кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.
Олимпиаданың жабылу салтанатында жеңімпаздарға дипломдармен бірге естелік сыйлықтар ұсынылды. Әділ-қазылар алқасы олимпиадаға қатысушыларға тілектері мен алғыстарын білдірді. Пәндік олимпиадаға қатысу арқылы студенттер өз білімдерін көрсетіп, жаңа достар тапты.
Химия және химиялық технология факультеті