- Басты бет
- Жаңалықтар
- 6-7 сәуірде ҚазҰУ-да «Әлеуметтік-экономикалық және cаяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-методологиялық қайта ойлау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
6-7 сәуірде ҚазҰУ-да «Әлеуметтік-экономикалық және cаяси келеңсіздіктер тарихы: теориялық-методологиялық қайта ойлау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
Ғылыми-тәжірибелік конференция тарих, археология және этнология факультетінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Бекмаханов оқулары» аясында өткізіледі.
Конференция мақсаты - қазақстандық және дүниежүзілік тарихтағы ұлттық көлемдегі дағдарыстық оқиғалардың зерттелуіндегі теориялық және методологиялық әдістерді дамыту.
Жиын қатысушылары «Қазақ халқы тарихының қасіретті беттері», «Ашаршылық - дәстүрлі шаруашылық жүргізуді күйрету салдары», «Дағдарыстық құбылыстар халықтар тарихындағы бетбұрыстар ретінде: себептері, факторлары, салдары» сияқты сұрақтарды қарастырады.
Баяндамалар мен хабарламалар тақырыптары Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, саясаттану, экономика, археология, деректану және тарихнама бойынша кең ауқымды мәселелерді қамтиды.
Халықаралық конференцияға алыс-жақын шетелд ғалымдары, қазақстан ғылымы мен білімі саласының көрнекті қайраткерлері, ЖОО мен ғылыми мекемелердің басшылары және ҚазҰУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы қатысады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі