әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің күндері болып өтті

13 наурыз, 2009

9 желтоқсанда сағат 9.30-да Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Егемен Қазақстан» газетінің күндері» атты фестивалінің ашылу салтанаты болып өтті.
Аталмыш фестиваль алғаш рет ұйымдастырылды. Маңызды оқиғаға деген дайындық жұмыстары «Егемен Қазақстан» газетінің белсенді журналистерінің шеберлік-кластарын өткізуімен басталды. Университетте қараша айының соңында газеттің жаңа келбеті, жұмыстың дәстүрлі әдістері мен пішіндеріне арналған студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» газетінің баяндамалы, тарихи-тақырыптық көрмелері дайындалды. Фестивальдің мақсаты – тәжірибелі және оқып жүрген журналистердің байланысын нығайту.
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті сенімді әрі салмақты ақпаратты таратумен ерекшеленеді. Оны басылымның бай тарихымен, шебер журналистердің ұжымдық жұмысы мен газеттің нақты бір сапалы журналистік ұстанымы: өмірді жан-жақты көрсете білуімен түсіндіруге болады. Әр жылдары газет басшылығы мен редакция ұжымында білікті мамандар қызмет етті. Атақты жазушылар мен әйгілі журналистер қалам тартқаны мәлім. «Егемен Қазақстанның» негізгі тірегі саналатын Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлектері бүгінгі күнге дейін осы дәстүрді жалғастырып келеді.
Салтанатты кездесуде ҚазҰУ ректоры Б.Т. Жұмағұлов пен «Егемен Қазақстан» АҚ Президенті С.Абдрахманов арнайы меморандумға қол қойды. Бұл келісім мемлекеттің бас ұлттық университеті мен басты басты ұлттық газеттің қызметтестігін куәландырды. Келісімге сәйкес журналистика факультетінің студенттері «Егемен Қазақстан» газетінің жастарға арналған айдарын әзірлеуге көмектеседі, ең үздіктерінің редакция ұжымында тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар екіжақтың ортақ акцияларды ұйымдастыруы жоспарланып отыр.