Ынтымақтастық пен қауіпсіздік орнатудағы әріптестік

6 сәуір, 2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы НАТО ресурстық-ақпараттық орталығы және НАТО Әлемі студенттік ассоциациясы 2012 жылдың 25-26 сәуір аралығында ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде «НАТО кішігірім моделі: НАТО мен Орталық Азия елдерінің 2014 жылдан кейінгі әріптестік» тақырыбында II Республикалық студенттер форумын өткізеді.

Форум рөлдік ойын түрінде болмақ. 60-тан аса қатысушы студенттер Солтүстік альянс пен әскери жоспарлау Комитетінің жұмысына еліктеу арқылы Ауғанстанның қазіргі күнгі саяси жағдайына шолу жасап, оны шешу жолдарын іздестіреді. Студенттер НАТО-ға мүше елдердің белгілі бір жағдайға байланысты көзқарасын алға тарта отырып, қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық және дау-жанжалдың алдын алу сияқты мәселелер бойынша өз жаһандық жүйесін қалыптастырады. Аталған форум жаңа мәлімет алып, кәсіби дағдыны дамыту үшін таптырмас мүмкіндік болып табылады. Қатысушылардан халықаралық қатынастар мәселелерін талдау ебі мен парламенттік процедуралардың өту ретін білу талап етіледі. Форумның жұмыс тілдері ағылшын және француз тілінде өткізіледі.

НАТО кішігірім моделінде Қазақстанның әртүрлі Жоғарғы оқу орындарынан, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, құрлықтық әскер Интституты, Букетов атындағы КарГУ, КИМЭП, Қазақстан-американ университеті, Қазақстан-неміс университеті, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар мен әлемдік тілдер Университетінен келген 60-тан аса студент қатысады.

Ашылу салтанатының құрметті қонақтары ретінде НАТО мүше елдері мен Ауғанстан дипломатиялық корпустарының өкілдері шақырылады.

Қатысу мәлімдемесін 2012 жылдың 8 сәуіріне дейін жіберу қажет. Мәлімдеменің жазылу формасын Facebook (Mini-Model NATO Almaty 2012) және Вконтакте (club11885439) интернет торларынан табуларыңызға болады.