Біз темекіге қарсымыз!

6 сәуір, 2012

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - деп дана халқымыз айтқандай, салауатты өмір салтын ұстанатын, біздің ҚазҰУ қалашығының студенттері тағыда бір жарқын жаңалығымен көзге көрінді. Дәлірек айтқанда «Студенттер сенатының» ұйымдастыруымен сәрсенбінің сәтінде «Біз темекіге қарсымыз» акциясы болып өтті. Акцияның ұйымдастырылу мақсаты ҚазҰУ қалашығы студенттерінің салауатты өмір салтын ұстанып, үлкенге үміт, ініге өнегелі болатын, тәрбиелі де талғамды, парасатты да білімді жастардың спортпен айналысып, темекінің түтініне уланбай, ел ертеңін ойлаудағы мақсаты болып табылатын. Бұл акцияға жастар комитетінің жетекші маманы Қартаева Сандуғаш, жастар комитетінің жетекшісі Ишангалиева Сауле қатысып қайтты. Біз темекіге қарсымыз акциясының лентасын жастар комитетінің жетекшісі Ишангалиева Сауле мен Студенттер сенатының төрағасы Абдикадиров Нұрлан кесті. Осындай игі істердің игілігі молынан болсын деген тілекпен. Темекілер өртеніп, салауатты өмір салтын ұстануға ҚазҰу қалашығының студенттері тағы бір серпіліс жасады.