17 сәуір күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысы, «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы «ҚазАқпарат» ҰАА арнаулы тілшісі Нұрғалиева Сара Қабиқызы келіп, көрерменге «Ғарыш көшпендісі» атты Талғат Мұсабаевтың өмір жолы туралы фильм көрсетілді.
1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында дүниеге келген. Бар ғұмырын ғарыш саласына арнаған. Т. Мұсабаев ғарышта 1 жыл уақыт көлемінде болған алғашқы ғарышкер. Ғарышқа өзімен бірге еліміздің көгілдір туын, қасиетті Құран кітабын және Байқоңырдың бір уыс топырағын алып ұшқан Т. Мұсабаев Қазақстанның Халық Қаһарманы, Ресей және Қазақстан батыры, техника ғылымдарының докторы. Фильмде ғарышкер «менің ғарышқа ұшуыма тікелей септігін тигізген бірден-бір тұлға ол – Президентіміз Н. Назарбаев» деп толғанады. «Маған отаным бәрін берді, мен енді отанымнан алғанды қайтаруым керек деп те тебіренеді Т. Мұсабаев. Өзінің ғарыштық өмірін бақытына балаған тұлға, енді еліміздегі ғарыштық индустрияның даму бағытына баса көңіл бөлетіні де фильмде айқын көрініс тапты.
Кездесуде Сара Қабиқызы 2007 жылғы 27 наурыз күні “Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы” Елбасының Жарлығына сәйкес, агенттік ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеу және салааралық үйлестірумен айналысатын еліміздің тарихында тұңғыш орталық атқарушы орган болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш саласын дамытуға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып келетіндігін де атап өтті.
Сондай-ақ, Сара Қабиқызы Алматы әуежайы маңынан үлкен ғарыш орталығы салынып жатқанын және жоба бойынша 2016 жылы аяқталады деп күтілуде деді. Байқоңыр айлағындағы арнаулы тілшісі Нұрғалиева Сара өз сөзінде Қазақстанда белгілі тұлғаны тереңірек білсін деген мақсатта фильмді арнайы ұсынып отырмыз деді. Бұл фильм менің 33 жыл бойы ғарыш саласында жинаған материалдарым деп сөзін аяқтады. Сонымен қатар, кездесуде Ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз хатшысына студенттер сұрақ қойып, қажет ақпаратқа қанық болды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі