Форум аясында «Алматы» пирогы таратылды
20 сәуір, 2012
Бүгін ҚазҰУ-да әл-Фараби ескерткішінің жанында «Алматы» пирогының салтанатты кесілу рәсімі және мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнерінен жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі “ЖОО және аймақтардағы жастар өзін-өзі басқару ұйымдарының дамуындағы студенттік қоғамдық бірлестіктердің рөлі” атты II Халықаралық студенттік форум аясында өтті.
Арнайы ұйымдастырылған акцияның бірі университетте алғаш рет 11 метр ұзындықты құрайтын «Алматы» пирогын 1500 конференцияға қатысушы студенттерге тегін таратылуы болды. Бұл форумға келген студент қонақтарды таңқалдырды. Олар ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдіріп, ҚазҰУ студенттер ұйымына сәттілік тілеп, бірлесе ортақ іс жасауда қуана атсалысатындарын жеткізді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024
27 қараша, 2024