Жеңіске қадам әлі алыс

27 наурыз, 2009

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде «Азия-2011» ойындарына бұқаралық ақпарат құралдарының дайындығына арналған «Ақпарат қабылдаудың шығармашылық талдау тобы» мен мәскеулік «Советник» журналының қолдауымен дөңгелек үстел болып өтті. Оған танымал журналистер ғана емес, спорт ұйымының басшылары, ғалымдар, PR-мамандары және студенттер де қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты спорт ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз байланыс орнату болып табылады. Тақырыпқа орай «SportPRIM.KZ» коммуникатив жобасын ұйымдастыру төрайымы, олимпаиада чемпионы Ольга Шишигина, «Советник» журналының тілшісі Владимир Павленко (Мәскеу) және ҚазҰУ-дың БАҚ менеджменті және жарнама кафедрасының профессоры Сәуле Барлыбаева өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелде «Азия-2011» олимпиада ойындарына дайындық мәселелеріне қатысты біраз мәселелер айтылды. Екі жыл уақыт қалған олимиада еліміздің халықаралық мемлекеттер арасында имиджін көтеретін ескерсек, оған баршамыз өз үлесімізді қосқанымыз жөн. Білекті түріп, іске кірісейік.
Авторы: Алим Анапьянов
Фотоны түсірген: Мэлс Етекбаев
Мақала «Вечерний Алматы» газетінен алынды (vecher.kz)