Дәстүрге айналған ҚазҰУ студенттерінің өзін-өзі басқару ұйымдарының ұйымдастыруымен өткізілетін халықаралық студенттер форумының екінші лебі биылғы жылы да өзі бағытын тапты. 20-21 сәуір күндері өткен форумның негізгі мақсаты өзін-өзі басқару мектеп шәкірттерінің басын қосып, жастар арасында тәжірибе алмасу алаңын құру және студенттік басқару ұйымдарын дамыту, сондай-ақ кәсіподақтардың халықаралық, өңірлік студенттік ұйымдар мен жас лидерлердің интеграциялануы.
Студенттік өзін-өзі басқару – жас жеткіншектің өзін-өзін дамыту, жетілдіру, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыруының таптырмас мектебі екені белгілі. Бүгінде университетіміздің ғылыми бағытқа транформациялануы оның жастар саясатына да жаңа мазмұн беріп, жаңа бағыттарға жол сілтеп отыр.
«Сұңқар» студенттер кәсіподағы