Огайо профессорымен өткен шеберлік сыныбы
Журналистика факультетіне профессор Ғ.Ж. Ибраеваның шақыруымен АҚШ-тың Огайо университетінің телекоммуникация профессоры Моулд Дэвид келіп, факультет профессор-оқытушылары мен 3-4 курс студенттерімен кездесті. Студенттер үшін Моулд Дэвид қызықты шеберлік сыныбын өткізді. Екі топқа бөлінген студенттер қызықты тақырыптарға қатысты ой бөлісіп, профессордан түрлі мәліметтер алды. Дэвид әр студентті мұқият тыңдап, өзіндік пікірін білдіріп отырды. Кейбір студенттер профессордан өздеріне қажетті мәліметті алу мақсатында сұхбат алып, естелік суретке түсті.
Кездесу барысында америка профессоры мен факультет оқытушылары арасында оқытудың жаңа жүйесіне қатысты тұжырымдамаға сәйкес өзара ойларын бөлісіп, тәжірибе алмасты. Осы тұжырымдамаға сәйкес көптеген елдерде журналистика мектебі қалыптасып, бірлесіп жұмыс жасап келеді. ЮНЕСКО тарапынан қолдау тапқан аталмыш жобаға сәйкес көптеген елдердің журналистика факультеттерінде оқытушылар өздерінің жасаған жұмыстарын көрсетіп отыр. Моулд Дэвидпен кездесу факультет студенттер мен оқытушылары үшін өз жемісін берді деп ойлаймыз.