«100 кітап» көшпелі көрмесі өз жұмысын бастады

24 сәуір, 2012

23 сәуір – Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. Әлемнің жүздеген елдері салтанатпен атап өтетін бұл күн оқырман қауымы үшін үлкен мереке. Осы күнге орай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тәрбие жұмысы жөніндегі депатраментінің ұйымдастыруымен жалпыуниверситеттік «100 кітап» апталығы басталды.

Апталықтың шымылдығы журналистика, филология, әдебиеттану және әлем тілдері, тарих, археология және этнология факультетінің студенттеріне арналған «100 кітап» көшпелі көрмесімен ашылды.

Студентке ұсынылған 100 шығарманың барлығы, біртуар тұлғаларымыздың қаламынан қалған бай мұралар мен жалпы қазақ әдебиетінің, әлем әдебиетінің алтын қорындағы аса құнды шығармалары көрме сөрелерінде самсап тұрды. Олардың қатарына ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы сирек кездесетін басылымдар, кеңес дәуіріндегі кітаптар, сондай-ақ отандық және шетелдік шығары­лым­дардың қазіргі заманғы үлгілері енген. Студенттер құрбы-құрдастарымен өздері оқыған шығармаларын талқыға салса, оқытушы-профессорлар бұл бастамаға ризашылықтарын білдірді.

Көрмені ұйымдастыруға университеттің Ғылыми кітапханасының қызметкерлері ат салысты.


Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент