«Студенттік көктем -2012» байқауы өз мәресіне жетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де студенттердің толыққанды білім алуымен қатар рухани тәрбиелік мәні зор іс-шаралар, байқаулар жиі ұйымдастырылады. Солардың бірі де бірегейі жыл сайын барлық факультеттердің қатысуымен өткізілетін «Студенттік көктем» көркмөнерпаздар байқауын ерекше атауға болады. Биылғы байқау Алматы қаласының мәдениет жылына арналды.
Байқаудың ұйымдастырушылары университеттің Тәрбиесі жұмысы жөніндегі департаменті мен Студенттер клубы. мақсаты білімгерлердің шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, рухани дамыған, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру.
«Студенттік көктем» байқауы биылғы жылы да өз жалғасын тауып, екі ай көлемінде студенттер жастар бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» анықталды.
30 наурызда Студенттер сарайында аталған байқауының марапаттау рәсімі мен ГАЛА концерті өтті.
Фестивальді асыға күткен студенттер, биылғы байқауға ерекше дайындықпен келген. «Студенттік көктем» байқауының Гала-концертіне екі ай бойы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 14 факультеттің жеңімпаздары қатысты. Жалпы көркемөнерпаздар байқауының бірінші кезеңіне 2000-ға жуық студенттер қатысып, олардың 700-ге жуығы іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, 300-дей өнерлі өрен соңғы ақтық мәреде әділ-қазылар алқасының алдында өз өнерлерін паш етті. Әділ-қазылар алқасының құрамында ҚР мәдениет қайраткерлері Ермек Елгезеков, Бану Тұрғымбаева, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ералхан Әбішев, елімізге белгілі өнер жұлдыздары Біржан Хасанғалиев, Индира Расылхан, дәстүрлі әнші Алма Аманжолова, Республикалық «Гүлдер» ансамблінің бишісі, балетмейстр Әсел Керімбекова, Республикалық «Жан мейірі» журналының бас редакторы Қуаныш Кәрім болды.
Ақтық сыннан сүрінбей өткен өрендер «Эстрадалық ән», «Дәстүрлі ән», «Халықтық би», «Заманауи би» «Классикалық би», «Музыкалық аспаптарда ойнау шеберлігі», «Авторлық шығармалар байқауы», «Ерекше жанр» т.б аталымдар бойынша Гала концертте марапатталды. Жеңімпаздарды әділ-қазылар мен бірге Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма бастығы Боқаев Санжар Омарұлы марапаттады.
Ал ал жалпы байқаудың қорытындысын ректор, Ғалымқайыр Мұтанұлы жариялады.Сонымен жүлделі 1-орынды Жоғары оқу орнына дейінгі факультет жеңіп алса, 2-орынды филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті мен биология факультеті, 3-орынды география және табиғатты пайдалану факультеті мен экономика және бизнес жоғары мектебі иеленді.
Марапаттау рәсімінен кейін бірден өнерлі өрендердің өнерін көрермен тамашалады. Алдымен концертті Студенттер клубының «Хор» үйірмесінің мүшелері Шат Де Доның «Randy store hill» шығармасын көтеріңкі көңіл-күймен орындап, көпшілік қошеметіне бөленді.
Концертте ерекше жанрдағы шығармалар өте көп болды. Мәселен, Андреа Бачеллидің әнін орындаған география және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері Жалниязов Досхан мен Дусипова Тұрсынайдың орындауындағы әсем әуен баршаның көңілінен шықты десек артық айтпаймыз. Сонымен қатар, Жоғары оқу орынына дейінгі білім беру факультеті әр түрлі халықтардың билерінен би шеруін ұсынуы да бұрын соңды болмаған еді. Сондай-ақ, Химия және химиялық технология факультетінің бишілері дайындағын орыс биі « Кадриль» де сахнаның көркін кіргізді. «Домбырада ойнау шеберлігі» номинациясының жеңімпаздары ұлттық аспаптың қыр-сырын меңгерген өнерлі жастар механика-математика факультетінің студенті Өмірбеков Марат пен фиолософия және саясаттану факультетінің студенті Мұхамеджанов Әлібектің орындауындағы «Күй тартыс» халықтық қазынамыздың қасиетін танытқандай болды.
Кеште В.А.Лактионова жетекшілігімен «Спорттық-би клубының» дайындаған қазіргі заман биі қонақ ретінде қатыстырылды. Сонымен қатар әлеуметтік даму жұмысы жөніндегі проректор Ш.Е.Жаманбалаеваның атынан алғыс хат табыс етілді.
Байқау Жоғары оқу орынына дейінгі білім беру факультетінің студенті Есмұханбетова Маликаның «Өмір бәйге» авторлық әнімен ақталды.
«Студенттік көктем» фестивалі – жыл сайын университет көлемінде өтетін ауқымды іс-шаралардың бірі ғана емес, студенттердің әсерлі, қызыққа толы ұмытылмас мерекелерінің бірі.
Студ.клуб