Аlma mater ҚазҰУ аруы – 2012 таңдады

24 сәуір, 2012

Университетте сұлулыққа құштар, әсемдікке әуес табынушылардың көптен күткен оқиғасы ұйымдастырылды. Ө. А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында «ҚазҰУ аруы-2012» ғашайып шоуы өтті.

Биыл біздің ЖОО-ның бірінші ханшайым атануға сұлу да көркем, тартымды да келісті 300 студент-үміткер қатысты. Олардың ішінен ең лайықты деген 13-і ақтық сынға жолдама алған.

Қатысушылар, байқау талабы бойынша қайталанбас шығармашылық бағдарламалар дайындап, ұлттық стилдегі кеш көйлектерін ұсынып, сондай-ақ, әділқазылар алқасы тарапынан қойылған сұрақтарға тыңғылықты жауап беріп өздерінің биік әлеуеттерін байқатты. Бақ сынасқан арулардың жанкүйрлері де қалың және жастық пен сұлулықтың сынға түскен қойылымында көрермен де көп болды.

Кештің арнайы қонақтарының қатарында «JADO» тобы, актер және шоумен Әнуар Нұрпейісов сонымен бірге, италяндық әнші Son Pascal бар.

Ұзақ та қызу қошеметтен кейін әділқазылар мүшелері нәтижені жариялады.

Байқау қорытындысы бойынша вице-мисс ІІ атауын филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің студенті - Еркежан Талғатбек, вице-мисс І атауын география және табиғатты пайдалану факультетінің студенті - Айжан Талғатқызы иеленді. Бас жүлде –«ҚазҰУ аруы-2012» атағы мен тәжді заң факультетінің студенті Нұргүл Ембергенова жеңіп алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі