Магистрлік бағдарламаларды жетілдіру жолдары артып келеді
ШЫҰ мүше – мемлекеттердің жоғары оқу орындарының ынтымақтастығы жөніндегі Меморандумды жүзеге асыру негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетімен «Нанотехнология» бағыты бойынша ШЫҰУ аясында магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыру жөнінде келісім-шартқа қол қойды.
Делегацияны ҚазҰУ-дің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор У.С. Әбдібеков қабылдады. Кездесу барысында екі диплом бағдарламасы және Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті аясында жоғары оқу орындары арасындағы серіктестіктің өзара тиімді жетістіктері талқыланды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінің Физикалық химия кафедрасының меңгерушісі, профессор Астахов Михаил Васильевич, Теориялық физика және квантты технология кафедрасының меңгерушісі Мухин Сергей Иванович, Арнайы балқымалардың пластикалық деформациясы кафедрасының термохимиялық өңдеу лабораториясының ғылыми жетекшісі, профессор, ф.-м.ғ.д. Капуткина Людмила Михайловна, Металтану және беріктік физикасы кафедрасының меңгерушісінің орынбасары, профессор, т.ғ.д. .Кудря Александр Викторович және «МИСиС» ҰЗТУ-дің халықаралық ынтымақтастық басқарма бастығының орынбасары Криволапов Николай Викторович бастаған делегация химия және химиялық технология және физика – техникалық факультеттерінің бакалавр мен магистранттарға, оқытушылар және жас ғалымдарға дәріс оқыды.
ШЫҰУ оқу орталығы