- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бас жүлдені жеңіп алды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері бас жүлдені жеңіп алды
Бүгінгі таңдағы мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәні жайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл», - деген болатын. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдерінің меңгеруі, оның қоғамдағы бірліктің күші ретінде тану болып табылады. Қазақстандағы өзге ұлт өкілдері қазақ халқының тілін білумен қатар халқымыздың мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрімен танысады және тілді жіті меңгеруге мүмкіндік алады.
Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында оқитын өзге ұлт студенттерінің қазақ тілін игеру деңгейін арттыру және мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру мақсатында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2012 жылы 16 сәуірде «Қазақ тілі» пәнінен жоғары оқу орындарының студенттері арасында қалалық пәндік олимпиада өтті.
Студенттер «Тіл – халық жанын танудың кілті» деген тақырыпта шығармашылық жұмыстар жазды. Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенттері Николаева Ксения, Наталич Алена, Рыбкина Виктория, Ишигов Кибар, Журавлева Екатерина, Федеренко Яна олимпиаданың барлық айналымдарында ақыл-ойлары мен шығармашылық тапқырлықтарымен көзге түсті.
Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Достық», «Өрлеу» топтары қатысты. Аталған топтарды дайындауға мемлекеттік тіл кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А.Салқынбай, аға оқытушы А.Нұртазина, ф.ғ.к., доцент Н.Егізбаева, Қ.Қарабаева, Ғ.Иманалиева, аға оқытушылар А.Бисенбаев, Б.Досановатсалысты.
Олимпиаданың мақсаты Мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, заманауи талаптарға сай студенттің қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық болмысын тану деңгейін көтеру және мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту.