Жеңіс күніне арналған жеңілатлетикалық кросс өтті
Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жеңіс күніне арналған «Президенттік миля» жеңілатлетикалық кроссы өткізілді. Қатысушылар бірінші тіркеліп, оларға қатысушы карточкасы берілді. Кросс әл-Фараби көшесі тұсынан, кампустың оңтүстік қақпасынан басталып спорткешеннің стадионында аяқталды.
Бүгінгі кросқа университеттің бірінші проректоры М.Бүркітбаев, әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Ш.Жаманбалаева, Студенттер қалашығының директоры Ә. Сейітжанов және биология және биотехнология факультеті мен заң факультеттінің декандары, университет оқытушылары мен қызметкерлері де қатысып, барлығы алғыс хаттарды спорт және дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі А.Арещенко марапаттап, табыс етті. Бірінші кезеңдегі кросқа жалпы саны 300-дей студент атсалысты.
Бірінші старт 10:30-да болып, бірінші болып келген алғашқы алты студент ұл-қыздарда марапатталды. Қыздардан: А.Жүсіпова (журфак), А.Тюлюбаева (филфак), М.Жұмағұлова (химфак), Ш.Сыдық (филфак), А.Мұқанова (филфак), Г. Есебаева (филфак); ұлдардан: Б.Ишанханов (ЭжБЖМ), Б.оспанов (ЭжБЖМ), Ш.Дәулетіұлы (журфак), А.Табылдиев (физфак), Р.Ильясов (журфак), А.Тилешов (юрфак).
Ал екінші кезеңі сағат 13:45-те өтеді.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі