Қарағандыға болашақ түлектер үшін барып қайтты

2 сәуір, 2009

Оқушылар арасында пәндік олимпиада өткізу мақсатында Қарағандыға журналистика факультетінің аға оқытушысы Ложникова Ольга Петровна барып қайтты. Олимпиада № 63 орта мектебінде болды.
Олимпиаданы өткізбес бұрын ҚазҰУ-дан барған комиссия мүшелері аудиториялармен танысып, кезекші мұғалімдермен кеңес өткізді. Олар оқушыларды қалай отырғызып, сауалдары бар қағаздарды қалай толтыру керектігін айта келіп, хаттама үлгісімен таныстырды. Мектептің үлкен акт залы ҚазҰУ-дың өз тұсаукесерін жасауына арнайы дайындалып қойған екен. 250 орындығы бар зал олимпиадаға келетін 530 оқушыға арнап дайындық жасаған екен. Алайда 13-15 наурыз аралығында Қарағанды облысында күшті аяз болып, жолдардың жабылуына орай, олимпиадаға тек қана 324 оқушы қатысты.
15 наурызда университет өткізген тұсаукесер оқушылардың қызығушылығын оятты. ҚазҰУ-ға байланысты оқу ақысы қандай, жатақхана беріле ме секілді түрлі сауалдар қойылды. Қарағанды оқушыларына журналистика факультетінің өзіндік ерекшеліктері мен жетістіктері біршама атап өтіліп, факультет туралы буклеттер таратылды.
Олимпиада математика, физика, информатика, әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі, неміс тілі, ағылшын тілі, француз тілі, тарих, биология, география пәндері бойынша өтті.
Қарағанды мектеп оқушыларына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қатысты сауалнама жүргізілді.