2012 жылдың 10 мамыр күні 16.00-де «Малахит» дәрісханасында әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы белсенді студенттермен кезекті кездесу өткізді.

12 мамыр, 2012

Проректор студенттерге университет бойынша халықаралық академиялық ұтқырлықтың іске асуы жайлы, шет тілін оқытудың кеңейтілген түріне жан-жақты тоқталып түсіндірді.

Академиялық оқу ісі мәселелері жөнінде, академиялық ұтқырлық, оқу үдерісін ұйымдастырудың өзгерістерін, емтихан сессиясын, жаңа оқу жылына пәнге тіркелуді, студенттерге берілетін жеңілдіктер мен шетелге шығып оқу туралы мәселелерді талқылауда студенттер белсенділік көрсетті.

Кездесу еркін диалог түрінде,студенттердің қосымша қойған сұрақтарына толық жауап алмасумен аяқталды.

Ұйымдастырушы: Болон үрдісі бойынша Ұлттық студенттiк бюро