Университеттердің Евразиялық Ассоциациясының ХІ Съезі
ҚазҰУ-дың делегация құрамында университет ректоры Б.Т. Жұмағұлов, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Н.М. Темирбеков, ғылым докторлары, профессорлар У.С.Әділбеков, Т.А. Карпенюк, М.М. Бүркітбаев, Б.М. Мухамедиев, Г.Р.Усеинова, Г.С.Әбдірайымова, Ж.К. Баймағамбетов, Ф.Т. Кукеева, Б.К. Майтановтар болды. Журналистика факультетінен т.ғ.д., профессор С.Х. Барлыбаева қатысты. Кездесу Евразия университетінде болды. Қатысушылар университет мұражайын аралады. Пленаралық жиналысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ашты. Одан кейін университеттердің Евразиялық Ассоциациясының президенті, М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің ректоры, РҒА вице-президенті, академик В.А.Садовничий алды. Сөз кезегін алған ҚР Білім және Ғылым министрі Ж. Түймебаев соңғы жылдарда республикадағы білім мен ғылымның жетістіктері мен болашақтағы жоспарларын атап өтті.
Осыдан 20 жыл бұрын кеңес дәуірінде құрылған университеттердің Евразиялық Ассоциациясы (УЕА) бүгінде университеттердің білім мен ғылымды дамыту жолындағы тың жетістіктерін, сол кезеңде шешілмеген мәселелерінің бүгінде нақты нәтижелерін алға тартты. УЕА-ның құрамында ТМД мемлекеттерінің 98 жоғарғы оқу орны бар. 2009 жылы Астанада Біріккен елдердің 13 университеті УЕА-ның ХІ съезіне қатысты.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ-нің ректоры В.А. Садовничий: «Университеттердің Евразиялық ассоциациясы болашаққа бағытталған. Біз бүгінде Евразия университетімен ғылыми тәжірибелерді, Ғылыми кеңестер мен студент аудиторияларымен бірлесіп атқарып отырмыз. Университетпен тығыз байланыс орната отырып, алдағы білім мен ғылымды дамытуда қызықты тәжірибелерді жинақтай береміз», - деп атап өтті.