- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ студенттері АҚШ-тың Қазақстандағы елшілік өкілдерімен Ауғанстан мәселесін талқылады
ҚазҰУ студенттері АҚШ-тың Қазақстандағы елшілік өкілдерімен Ауғанстан мәселесін талқылады
Элизабет Миллардтың (АҚШ-тың Қазақстандағы елшісінің орынбасары) ҚазҰУ мен Колумбиялық университеттің бірлескен MDP Global Classroom жобасының аясында университет студенттерімен кездесуі өтті. Кездесуге сонымен қатар Астана мен Алматыда орналасқан АҚШ консульдығының қызметкерлері де қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы қазіргі Ауғанстандағы ахуал болды. Э.Миллард студенттерге басты мәселелердің бірі бұл елдегі тұрақтылық НАТО Кеңесінің соңғы отырысында қарастырылғанын, 2014 жылы халықаралық коалицияның жоспарлауына байланысты әскерлерді шығару турасында айта кетті. Сонымен қатар, Чикагода (АҚШ) орын алған жағдай жайында мемлекет басшылары мен Ауғанстан үкіметінің, Халықаралық Қауіпсіздік күштерінің қатысуымен өткендігін айта кетті.
Өз сөзінде Қазақстанның Ауғанстандағы бейбітшілікті реттеуге атсалысып, қолдау көрсететінін, ауған халқына әлеуметтік көмек беретіндігіне ризашылық танытты. Э.Миллард қазақстандық және ауғандық студенттердің тақырып төңірегінде қойылған сауалдарына жауап берді. Студенттердің ағылшын тілін жетік меңгергендігі мен дипломатиялық тұрғыдан мәселенің жан-жақты шешу жолдарын қарастырулары қызықтырды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ауғанстан арасында білім мен ғылым саласында әріптестік туралы сұрақтар да қаралды. Осы тұста ҚазҰУ-да білім алып жүрген ауғанстандық студенттер белсенділік танытты.
Бүгінде университетте жүзге жуық Ауғанстан студенттері білім алуда. Қазақстан үкіметінен студенттерге керек қаражат бөлінген.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі