Оқу мен тәжірибені үйлестіру мәселелері айтылды
4 маусымдағы ректорат мәжілісінде жазғы семестрге дайындық барысы туралы оқу үдерісі бөлімінің бастығы Гүлнәз Жақыпова баяндама жасап, биылғы жаздық семестр екі кезеңнен тұратынын, онлайн-тіркеу бойынша тіркелген студенттер тізімі мен атқарылған жұмыстың нәтижесімен таныстырды. Жазғы семестрде студент пен профессорға қойылатын талаптарды нақтылап, өз білімдерін жетілдіруде шетелдік студенттердің қызығушылық танытып отырғандарын да атап өтті.
Мәжілісте өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу жұмыстары жайында мансап және бизнес орталығының директоры міндетін атқарушы Сәбира Исалдаева хабарламасында бакалавриат, магистратура және РһД докторантура бойынша студенттердің педагогикалық және өндірістік тәжірибеде өту орындары мен мерзімі, әр факультетте орындалуынан толық мәліметтер келтірді. Жұмысқа түлектердің шақырылуы мен жұмыс беруші компаниялардың ұсыныстарына да тоқталды.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов ректорат мәжілісі мүшелеріне физика-техникалық факультеттің жаңа деканы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Ербұланұлы Давлетовты таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі