Лиссабонға сапар

11 маусым, 2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтанов ғылымдағы аса зор еңбегі үшін Лиссабон Жоғары инженерлік институтының Құрметті профессоры атағына ие болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің делегациясы университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың басшылығымен Бразилияда өтетін "Рио +20 БҰҰ" тұрақты даму бойынша ғаламдық саммитке сапары барысында Лиссабонда (Португалия) болды. Делегацияны Лиссабон Жоғары инженерлік институтының президенті Хосе Карлос Квадрадо қарсы алды. Кездесу барысында РИО+20 секция мәжілісінің өту барысы туралы мәселелер сөз болды.

ISEL президенті Х.К. Квадрадо әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.М. Мұтановқа ғылымдағы аса зор еңбегі үшін Жоғары инженерлік институтының Құрметті профессоры атағы мен арнайы төсбелгіні тапсырды.

Сонымен қатар, кездесуде «Ұрпақтан ұрпаққа жасыл көпір» Халықаралық консорциумын құру туралы Декларация да талқыланды.

Жалпы алғанда, кездесу білім беру саласындағы қазақстандық-португалдық әріптестіктің стратегиялық маңызын білдіріп, өте жоғары деңгейде өтті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі