Физика факультетінде Жапондық профессор дәрісін оқып жатыр

7 сәуір, 2009

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Токио университеті және Жапонияның атом энергиясы агенттігі (ЖАЭА) жанындағы Оқу орталығының өкілі доктор Yakata Tomoyoshi-мен кездесу өтті. Кездесу университетті және физика факультетін дамыту Стратегиясын жүзеге асыру және ҚазҰУ мен Жапонияның атом энергиясы агенттігі (ЖАЭА) арасындағы болашақ білім беру саласын қолдау жөніндегі Меморандум шеңберінде өтті.

Кездесуге физика факультетінің деканы, проф. Асқарова А.С., ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институты директорының орынбасары, проф. Бүртебаев Н.Т., кафедра меңгерушілері - проф. Архипов Ю.В., доцент Оскомов В.В., Алиев Б.А., оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Yakata Tomoyoshi ядролық энергетика жөнінде дәріс оқып, ядролық технология саласында Токио университетінде жүргізіліп жатқан үздік зерттеулерге шолу жасады.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі