"Жас қазақ" ұлттық апталық

15 маусым, 2012

15.06.2012

Мыңжылдықтар саммиті

2012 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода (Бразилия) «РИО+20» БҰҰ тұрақты даму бойынша ғаламдық саммит өтеді. ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірден бір білім ордасы - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы идеяларына негізделген – Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы және «Жасыл көпір» арнайы жеке секциясына қатысады.

Әлемнің жетекші университеттері тарапынан, танымал ғалымдар мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызып отырған секция мәжілісі Рио-орталықта 17 маусымда (сағат 19.30, «Т5» аудиториясы) болады.

Маңызды да зор іс тындырған ҚазҰУ Мыңжылдықтар саммитінде өзінің секциясын ашып қана қоймай, Колумбия университетінің (АҚШ) ғалымдарын, «Дубна» халықаралық табиғат, қоғам және адам университетінің (Ресей), Мальта университетінің (Мальта), Федеральді аграрлық университетінің (Бразилия), Бразилия Католдік университетінің және әлемнің басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдарын оның жұмысына тартуда. Секция мәжілісіне сондай-ақ, БҰҰ «академиялық ықпал» бағдарламасының жетекшісі Раму Дамодаран, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ достары» халықаралық клубының мүшелері қатысады.

Секция төрағасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановтың «Тұрақты даму стратегиясына орай кадрлық қамтамасыз ету. Энергоэкологиялық аспект» тақырыбындағы баяндамасы мәжілістің негізгі маңыздылығы болып табылады. Сондай-ақ, Лиссабон Жоғары инженерлік институтының президенті (Португалия) - Хосе Карлос Квадрадо, Федеральді аграрлық университетінің ректоры (Бразилия) - Рикардо Мотта Миранда, Әлемдік Ноосфералық рухани-экологиялық Ассамблеясының президенті - Любовь Гордина және т.б. өз баяндамаларын ұсынады.