Химик-ғалымдарының «Өмір жолы» атты жаңа жобасы

9 сәуір, 2009

Таяуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия факультетінде ірі ғалымдардың кездесуі өтті. Жобаның ұйымдастырушылары аталмыш шараның тақырыбын «Өмір жолы» деп атауы да жайдан-жай емес. Басты мақсаты мемлекеттер мен дүниежүзіне танымалы факультеттің ұстаздары мен шәкірттерінің, әріптестері мен студенттерінің еңбегін ескеру, әрі бағалау.

Жобаның кезекті отырысы «Жастар шығармашылығының векторы» тақырыбына арналғандықтан жиынның негізгі кейіпкерлері жас ғалымдар болды. Жиынға қатысқан ақсақалдар буынын Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик Қ.А. Жұбанов, РФ академигі Г.И. Ксандопуло, ҚР Жоғары мектебінің академигі З.А. Мансұров, Н.Н. Нұрахметов, М.Қ. Наурызбаев пен А.К. Баешов сынды профессорлар, сонымен қатар «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты Х.Қ. Оспанов және т.б. құрады.

«Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» демекші жас ғалымдар да ұстаздарынан қалыспай қатарласа еңбек етуден тайынбай келеді. Жас буыннан Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Е.К. Оңғарбаев, Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаттары Н.К. Жылыбаева, О.В. Червякова, А.М. Куванчева, Л.К. Кудреева, А.С. Төлегенова; ең үздік студенттік номинациясы бойынша РФ РҒА Алтын медалінің иегері Р.А. Маңғазбаева, Ресей әуеғарыштық агенттігі сыйлығының лауреаттары Х.С. Тасыбеков пен Б.Н. Кеңесов; Мемлекеттік шәкіртақының иегері Н.А. Воробьева, А.К. Үмбетова, А. Дуболазов, Г. Ермұхаметова, т.б. қатысты.

Химия ғылымдарының ақсақалдары мен жас ғалымдар бірлесе отырып, студенттерге қазіргі химия ғылымында болып жатқан өзгерістер мен өмір жолдары жөнінде әңгімелеп берді.

- Біздің жиналғанымызға бірден-бір себеп - химия саласындағы жаңалықтарды талқылап қана қоймай, осы саланың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып дамып келуіне көз жеткізу. Қазіргі таңда жастарға ғылыммен айналысуға бар мүмкіндіктер көрсетілген, сондықтан өз мүмкіндіктеріңді жіберіп алмай, алға қойған мақсаттарыңа сүрінбей жетулеріңе тілектеспін - дейді жалпы химия және экология кафедрасының профессоры, әрі жобаның авторы Сармұрзина Алма Ғайсанқызы.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі