Жанкүйерлер жарысқа жеңіс тілейді!!!
Ертең Лондон Олимпиадасында су добынан ерлер арасындағы жарыстың II туры өтеді. Австралиялықтармен жарыс бәйгесіне түсетін Қазақстандық құрамаға ҚазҰУ студенті Алексей Шмидер қатысады. Ол осы жылдың басында Жапонияда Чиба қаласында өткен квалификациялық Азия чемпионатында олимпиадалық лицензияны алуға септігін тигізген жарыстың соңғы 37 секундында Қазақстанға маңызы зор жеңіс сыйлады.
Тарихы тереңнен тамыр алатын су добы ойынның атауы да ежелгі. Уильям Уилсонның бастамасымен XIX ғасырдың соңында Ұлыбританияда су добы ойыны ресми түрде өнертабыс көзіне айналды. Ойын ойыншылардан дене шымырлығының дайындығын және жоғары үйлесімділікті талап етеді.
Алғашында тек ерлер құрамасы ойнаған бұл ойын түрі 1900 жылы Олимпиадалық ойынның бағдарламасы аясында пайда болған. Ал 2000 жылы олимпиадалық ойынның бағдарламасында әйелдер сайысы енгізілді.
Қазақстан тарихында да спорттың бұл түрінен қарқындап дамуының өзіндік кезеңі бар. 1950 жылы Алматыда су добы ойынының алғашқы ресми жарысы өтті. Ал Лондон олимпиада ойындарына жолдама алған ойын түрі республикамызда маңызды мәнге ие.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі