Алматы чемпионы - ҚазҰУ құрама командасы

6 тамыз, 2012

Алматы қаласында «Жасыл ел» жастардың еңбек отрядтары және ЖОО студенттерінің құрылыс жасағының ұйымдастыруымен мини-футболдан үлкен жарыс өтті.

Спорттық іс-шараға басқа да ЖОО арасынан 6 команда қатысты. Қазақ Бас Сәулет-Құрылыс Академиясы (ҚазБСҚА) С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті (ҚазҰМУ) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ден 2 команда қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша «ҚазҰУ 2» құрамасы бірінші орынға, «ҚазҰУ 1» екінші орынға ие болды.

СҚО басшысы Жұмағали Есенбек өз сөзінде «Біздің университет командасы екі бірдей жүлделі орынды иеленгені бізді қуантуда. Бірақ, ең бастысы бұл достық кездесуде ҚазҰУ чемпион болды. Өз жауынгерлеріне жанкүйер болған ҚазҰУ СҚО қыздары ерен еңбегі етті. Балалар лайықты өнер көрсетіп, ойын қызықты және тартысты өтті. Сондай-ақ СҚО басшысы біздің ойыншылар республикалық деңгейдегі жарыстарға өздерін лайықты көрсете алатынына мен сенемін»- деп атап өтті.

Биылғы жылы университет студенттер құрылыс отрядына 130 жауынгер қатысуда. Олар тек жұмыс істеп қана қоймай, бос уақыттарын текке жібермейді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі