Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бөлінген оқу гранттары саны бойынша өткен жылдағыдай еліміздің жоғары оқу орындары арасында алдыңғы қатарда тұр. Университет қабырғасында бакалавриат, магистратура, PhD докторантура бағдарламалары бойынша 3,7 мыңнан астам студенттер білім алмақ. Олардың жасаған таңдауы кездейсоқ емес, себебі ҚазҰУ түлектері тек қазақстандық жұмыс берушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алыс шетелде де үлкен сұранысқа ие. Қазіргі таңда, сапалы білім алу жастардың өмірлік басты мақсатына айналды.
Университетке түсушілер техникалық және экономикалық мамандықтар, сонымен қатар гуманитарлық және ғылыми жаратылыстану бағыттары саласында таңдау жасады. Осы себепті, радиотехника, электроника және телекоммуникация, ақпараттық жүйелер, автоматтандыру және басқару, стандартизация, сертификация және метрология, биотехнология, аударма ісі, халықаралық қатынастар, құқықтану, қаржы, есеп және аудит, экономика және халықаралық құқық мамандықтарына конкурс жоғары болды.
Осы жылы магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқимын деушілердің саны аса жоғары екендігін атап өту жөн. Кейбір жеке мамандықтарға 1 орынның өзіне үміткерелер саны 20-30-ға дейін жетті.
Университет қабырғасында бірегей интеллектуалды және ғылыми потенциал шоғырланғаны баршаға мәлім. Студенттерге білім беру жолында оқытудың модулді технологиясы белсенді түрде енгізілуде. Аталмыш технология біліктілік тәсілі негізінде жұмыс берушілер талаптарына сәйкес жүргізіледі, сондай-ақ жоғары нәтижеге бағдарланған алдыңғы қатарлы басқару әдіс-тәсілдері, оқуды ағылшын тілінде жүргізу, жаңа бағдарламалар мен мамандықтарды енгізу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Президенттің халыққа жолдауында көрсетілген мақсаттары, яғни әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары рейтингісі тізіміне ену, инновациялық іс-шаралар жүргізу және ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін өндіріске енгізу - Университет үшін ең басты мақсат болып табылады.
QS Халықаралық рейтинг агентствосының (Ұлыбритания) мәліметтеріне сай, 2011-2012 оқу жылында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жеке мамандықтар бойынша әлемнің 200 алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары тізімінде орын алды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Орталық Азия территориясында QS-Star Халықаралық агентствосының «Үстемділік белгісі - үш жұлдызына» ие болған және БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасы құрамына кірген Қазақстанның бірден-бір білім ордасы.
Жоғары білім сапасына дәстүрлі назар аудара отырып, өз студенттерінің әлеуетін әрі қарай дамыту мақсатында, университет білімгерлер үшін бар мүмкіндіктерді жасайды. Университет кампусында заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфраструктура, кітапхана, ас комбинаты, спорт комплексі, кинотеатр, жатахана және Студенттер сарайы бар.
ҚазҰУ Баспасөз қызметі