Университет ұжымы тамыздық кеңесте 2012-2013 оқу жылдарының жаңа міндеттерін талқылады

27 тамыз, 2012

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылының Тамыз кеңесіне ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадамы» атты мақаласына арқау ете отырып, 2012-2013 оқу жылдарының жаңа міндеттерін талқылады. Әлеуметтік жаңғыру болғанда, барлық салада жаңғыру жүреді. Ал жоғары мектап ұжымы бұл ббастамаларға үн қосып қанай қоймай, ат салысуы басты талап. Бұл ортақ – міндет, ортақ еңбек. Оқытушы-профессорлар құрамының тамыздық кеңесуінде осылай сөз сабақтаған ректор Ғалым Мұтанов өткен оқу жылында жеткен жетістіктерді саралап, ОПҚ алдына жаңа міндеттер қойды.

Жаңа оқу жылын бакалавр-магистратура-докторантура сатысында қоғам нарығына сай жаңа мамандықтардың ашылуымен бастап отырған университеттің әр факультетіндегі бірінші курс студенттеріне мақсатты түрде ағылшын тілін оқыту жүктелді. Жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқу үдерісіне кеңінен енгізу де жаңа оқу жылының жаңалығы болмақ. ҚазҰУ ректоры қара шаңырақтың ұстаздарын шетелге шығып тәжірибе жинауға, әлемдік деңгейде біліктілікті арттыруға бағыттады. Әр оқытушы «өнімнің өтімділігіне» баса назар аудару керектігі де осы кеңесте айтылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін басты өнім – ҚазҰУ түлектерінің барлық жерде қажеттілігі. Университет басшылығы оқытушы-профессорлар құрамын осы бағытта өнімді еңбек етуге шақырды. Рет-ретімен жаңа міндеттер тізбектеліп, олар жұмыс берушілер кеңесінің жұмысын жандандыру, қос диплом бағдарламасының деңгейін арттыру, ғылыми-инновациялық қызметтерді жетілдіру, тағы да басқа басымдықтарды қамтыды. Тыңғылықты тыңдаған ұжым өз ұсыныстары мен пікірлерімен де бөлісіп, сұрақ-жауап өрбіді. ҚазҰУ жаңа оқу жылында жаңа белестерді бағындыруға жұмыла кірісті. Тамыз кеңесінің соңында 2011-2012 оқу жылындағы факультеттер рейтингісінің, кафедралар рейтингісінің, ОПҚ рейтингісінің, куратор-эдвайзерлер рейтингісінің қорытындылары жарияланып, қаржылай сыйлықтар ұсынылды.