Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-ші қыркүйек – Білім күні гуманитарлы факультеттерге арналған жаңа мультимедиялық компьютерлік кластердің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ашылуда сөз алған ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов білім беру саласында, оның ішінде мультимедиялық компьютерлік кластерді ашу үлкен жауапкершілікті талап етіп отыр деді. Сондай-ақ ректор бұл кластер ҚазҰУ қолданушылары үшін өте тиімді екендігін айта келе, студенттерге ендігі кезекте оқу залында отырмай-ақ, электронды оқулықты пайдалануға үлкен мүмкіндік туғандығын айтты.
ҚазҰУ ІТ-технологияны дамыту мақсатында ашылған 10 жаңа компьютерлік клас ақпараттандыру жүйесін модернизациялауды және инновациялық шешімдер негізінде компьютерлік техниканы дамыту курсын алға тартуда.
Жаңа мультимедиялық компьютерлік кластер есептеуіш басқару жүйесі және ақпараттық қор арқылы ІТ-инфрақұрылымның заманауи жүйелі жұмысын қалыптастыруға бағытталады. Ол қолданушылар үшін өте тиімді әрі сапалы қызмет түрі мен аудиториялық қорды оңтайлы қолданыста пайдалану мүмкіндігіне жол ашады.
Мультимедиялық компьютерлік кластерде оқытушылар мен студенттер интернет жүйелерімен, ИС «Univer», дәліздік басып шығару жүйесімен, студенттік электронды поштамен және өзге де қызмет түрлерімен жұмыс істей алады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі