ҚазҰУ студенттері А.Т. Спицын дәрісін тыңдады
Бүгін ҚазҰУ ұжымы мен студенттер қауымы ЕуроАз ЭҚ Интеграциялық проблемаларды стратегиялық зерттеу институтының директоры А.Т.Спицынмен кездесті. Кездесу барысында ҚазҰУ студенттері экономика ғылымдарының докторы Спицынның дәрісін тыңдады.
ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов өз сөзінде А.Т.Спицын Энергоэкология кафедрасының ғылыми жетекшісі және кафедраның ашылуына қолдау көрсеткен бірден-бір тұлға деп атап өтті. Ғалым өз дәрісінде «Қазіргі экономиканың жаһандану мәселелері жайлы жан-жақты талқылап, нарықтық қоғамдағы қайшылықтар мен қазіргі әлемдегі дағдарысқа қарсы шаралардың жүйесімен қатар, нақты ұзақмерзімдік стратегия негізінде елдің дамуында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасының
рөлі басым екендігін ерекше айтып өтті.
Кездесу соңында ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов профессор А.Т. Спицынды ҚазҰУ Достар Халықаралық клубының белгісімен марапаттаса, А.Т. Спицын ҚазҰУ басшысы Ғ.Мұтановты «Ломаносовтың 300 жылдығының» медалын тапсырып, Н.Назарбаевтың «Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в ХХI веке» атты кітабын универтитет кітапханасына тапсырды. Сондай-ақ профессор А.Т. Спицын барлық қатысушыларға жетістік тілеп, шексіз алғысын білдірді.