әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Елбасының онлайн лекциясына қатысты

5 қыркүйек, 2012

6 қыркүйек күні «Қазақстан білім қоғам жолында» атты тақырыппен Астанада өткен Елбасы лекциясын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов пен барлық проректорлар, басшылық пен студенттер онлайн-режимде тыңдап, қатысты.


Лекция салтанатты түрде жаңа телеарнадан берілді. Салтанатты түрде Президент Н. Назарбаев жаңа «Білім» телеарнасы іске қосылып, алғашқы эфирін Елбасы лекциясымен бастады.

Президент Н.Назарбаев өз лекциясы барысында Қазақстанның саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайына тоқталып, іске асып жатқан игі істер мен әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті ел болу үшін жасалып жатқан жұмыстарды да атап кетті.

«Елімізде оқу-білімге барлық жағдай жасалуда. Қазақ жастары ел ертеңі, бүгіннен бастап білімнің нәрімен сусындап, жақсы кадр болып қалыптасып, болашаққа дұрыс бағытты таңдауы тиіс. Инновация негізіндегі индустрияландыру біздің ортақ мақсатымыз болып тұр. Жастар оқуы керек, жақсы оқу да еңбек. ХХІ ғасырда нағыз сұранысқа ие маман атану үшін тәртіппен өз-өзіне, еліне деген жауапкершілікті сезіну арқылы жастар ата-бабалары қалыптастырған Тәуелсіз елдің болашағы. Білім тәуелсіздігіміздің тірегі. Басқа елді аралап жүріп, олардың студенттерімен кездесіп жүріп, біздің Қазақстанның ұрпағы олардан да күшті болуы керек. ХХІ ғасыр талабы өзгеше. Сендер бақытты болыңдар, табысты болыңдар», - деп айтты Елбасы өз сөзінде. Жоғары оқу орындарына қатысты мәселелерге тоқталып, білім беру ісінде магистратура мен докторантура бойынша «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып, өз білімдерін отандық өндіріске ендіріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосатынына сенетіндігін жеткізді.

Алматы қаласындағы басқа да университеттердің студенттері де келіп, лекцияны бірге тыңдады. Соңынан студенттер сұрақ қойып, сауалдарына толық жауап алды. Соның бірі ХХХ Лондон олимпиадасының қатысушысы Анна Алябьева «Қазақстанның жаңа чемпиондарын даярлау үшін тағы не істеуге болады?» деген сауалға, тек көп дайындық пен жаттығу керектігін Елбасы нақтылай түсті.

«Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қабырғасында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың онлайн лекциясы өтті. Меніңше, Президент лекциясы барша оқытушылар мен студенттерге жаңа оқу жылы басында жаңа жетістіктерге шабыт бергендей болды. Маған Елбасының «Әрбір Қазақстан азаматы мен елім үшін не істедім?» деген сауалды өз-өзіне қойса деген сөздері ұнады. Мен, эколог мамандығы бойынша ректорымыздың тапсырмасымен «ГринКампус» бағдарламасын іске асырып келеміз. Біз макулатура жинайтын арнайы орындар белгілеп, контейнер қойып, жылусақтауда, атмосфераны тааз сақтауға атсалыссақ, еліміз ертерек даму үстіне дами береді деп ойлаймын», - дейді ҚазҰУ магистранты Сәуле Ишанғалиева.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі