Сенбілік көңілде сергектік оятты
8 қыркүйек күні ҚазҰУ университетінің оқытушылары мен студенттері және басқа да қызметкерлерінің қатысуымен жалпықалалық сенбілік өтті. Қала ішіндегі қалашықта болған сенбілікте ҚазҰУ тұрғындары өздерінің бар ынты–ықыласымен, жайдарлы мінездерімен сенбілікке белсене қатысты.
Білімнің биігіне шығып, шәкірттеріне сол білімнің нәрін құйған үлкен профессор ата-ағаларымыздан бастап, бүгінгі толқын жастарға дейін сенбілікті жақсы өткізуге тырысты. Барлығы да үлкен білім ордасының таза да, көрікті болуына ниет танытты.
ҚазҰУ қалашығында өткен сенбілікті университетіміздің ректоры Ғ.Мұтанов мырза бақылап, үлкен бағасын берді. Әсіресе, тазалық дегенде, табиғатқа деген көзқарастары түзу, қоршаған оратаның тазалығын үнемі ойлайтын, факультеттердің ұстаздары мен студенттері бұл күні ерекше белсенділік көрсеткендеріне университет ризашылығын білдірді. Ауланың таза да, көрікті болуына үн қосқан – сенбілік әрбір жанның көкейінде сергектік оятып, үлкен тыныс бергені рас.
«Сұңқар» студенттер кәсіподағы сенбілікке қатысқан барлық студенттерге жеңіл тамақтану столын ұйымдастырды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі