Күзгі семестрде шетелдік жоғары оқу орнында білім алу (120 күн)Farabi University

Күзгі семестрде шетелдік жоғары оқу орнында білім алу (120 күн)

21 қыркүйек, 2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 175 бұйрығына сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Академиялық Мәселелер жөніндегі Департамент Академиялық ұтқырлық бөлімі ҚР БҒМ-нің «Шетелдік жоғары оқу орнында семестрді өткізу» (120 күн) атты бағдарламасын жүзеге асыруда. ҚР БжҒМ тарапынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға екі жақ шетке жол ақысын, медициналық сақтандыруды, виза шығындары мен 120 күнге тұру ақысын өтеуді көздейтін 90 шәкіртақылық орын бөлінді.


Академиялық ұтқырлық жағрафиясы Еуропалық Одаққа кіретін Болон үдерісіне мүше-елдер: Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарын қамтиды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына факультеттерде конкурстық іріктеуден өткен сабақ үлгерімі жоғары және шет тілдерін еркін білетін бакалавриаттың 2-4 курс студенттері мен 2 курс магистранттары қатысады.

Академиялық ұтқырлық бөлімі