«Үшінші толқын» бірінші орынды алды
Қыркүйек айының 26 жұлдызында ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінде тіл мерекесіне байланысты «Мәдениет.kz» клубының жетекшісі филос.ғ.к., аға оқытушы, Кенжегүл Бияздыкованың ұйымдастыруымен «Қазіргі қазақ мәдениетіндегі тілдің үш тұғырлығы» атты факультет деңгейінде мамандықтар арасында сайыс өтті.
Бүгінге сайысқа факультеттің бірнеше мамандықтарының студенттері қатысып, қазақ тілінің қазіргі қоғамдағы қолдану аясы мен болашағы жайлы өз ойларын топтар арасында өте қызықты талдап сайысты қыздыры түсті десекте болады. Осы жарысқа 1 және 3-ші курстар арасында әртүрлі мамандықтан құралған топтар қатысты «Парасат» тобы, «Үшінші толқын», «Тіл жанашырлары» және «Тіл сақшылары».
Бүгінгі сайыстың мақсаты: «Қазақ тілінің бүгіні мен болашағы» және «Қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданылу аясы» атты өткен сайыста қазақ тілінің бүгіні мен болашағына жаны ашитын факультет студенттері қатысып, өз ойларын ортада ашық талдап, сайыс өз мәресіне жетті десек те болады. Нәтижесінде, 1 орынды «Үшінші толқын» саясаттану мамандықтарының тобынан құралған жігіттер алды, ал 2 орынды «Тіл сақшылары» тобынан құралған 2 курс әлеуметтік педогогика және өзін-өзі тану мамандығының қыздары иеленді, 3 орынды «Парасат» тобынан құралған 3 курс философия мамандығының қыздарына берілді. «Тіл жанашырлары» атты топтың қыздары 1 курс педогогика және психология мамандығының студенттері мақтау қағазымен марапатталды.
Сонымен факультет деңгейіндегі өтткен жарыс өз мәресіне жетті.
«Мәдениет.kz» клубы