Тілім барда айтылар сөз ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін
Өшсе тілім мен де бірге өшемін,-деп ақын Әбділдә Тәжібаев жырлағандай тіл
қай ұлтта қай елде болса да, қастерлі, құдіретті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай дәстүрлі «Тілдер» фестивалі өтті. Осы фестивальдің аясында әр факультетте түрлі шаралар ұйымдастырылады. Сондай мерекелік іс-шараның бірі Мемлекеттік тіл кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл – елдігіміздің іргетасы» атты әдеби - сазды кеш болды. Кеш барысында университеттің 12 факультетінен жиналған студенттер өз өнерлерін ортаға салды. География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері «Қазақ елі», «Ел бірлігі» атты шағын көрініс көрсетті.
Басқа жаңалықтар
27 қараша, 2024
26 қараша, 2024
26 қараша, 2024