Күн энергиясы – фермерлік шаруашылықтың негізгі көзі
Энергоэкология кафедрасында «Шығыс әйелдері халықаралық экологиялық ассоциясы» біріккен ұйымының президенті Илиева Уркыз Злаудунқызының қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Семинарда Уркыз Злаудунқызы БҰҰ-ның ғаламдық экологиялық қорының жаңа “Алматы облысындағы фермерлік шаруашылықтарға арналған күн батареялары мен коллекторлары” атты жобасын ұсынды.
Жоба бойынша күн батареялары және коллекторлар орнатылып, жеміс-жидектерді өсіру көзделіп отыр. Коллекторлардан алынған күн энергиясын қолдана отырып, әртүрлі жеміс-жидектерді жыл бойы өсіруге қол жеткізуге болады. Қазіргі кезде, Алматы облысы бойынша жеміс-жидектерді тек жаз мезгілінде өсіру мүмкін болып отыр. Ұсынылып отырған жоба бойынша альтернативті энергия көздерін шаруашылықта бүкіл жыл бойы қолдана отырып, атмосфераға бөлінетін тұмшалы газдардың бөлінуін қысқыртады.
Аталмыш семинарда «Экология» мамандығының студенттері, магистранттары, докторанттары белсенді пікір алмасты.
Семинар соңында Илиева У.З. жобаны жүзеге асыру барысында экологтарды волонтер ретінде бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
География және табиғатты пайдалану факультеті