"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі

17 қазан, 2012
17 Қазан 2012, 12:24
Алматыда саясаткерлер, дипломаттар мен ғалымдар шиеленістердің алдын алу бойынша ұсынымдарды әзірлеуде
АЛМАТЫ. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы ҚазҰУ-де Қазақстанның БҰҰ-ға кіргеніне 20 жыл толуына арналған «Шиеленістердің ХХІ ғасырдағы өзгермелі табиғаты» атты халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

БҰҰ-ның «Academic Impact» бастамасы аясында өткізіліп отырған іс-шара Қазақстанның бейбітшіл бастамалары өзекті және сұранысы бар екендігінің тағы бір дәлелі болып табылатыны атап өтілді. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі, «Өркениеттер диалогы», «G-Global», «Green Bridge» және тағы басқа ғаламдық идеялары барша әлемдік қауымдастықтың мүддесі үшін қатынастарды қайта құруға бағытталған және адамзаттың үдемелі дамуына септігін тигізеді. Қазақстан ИКҰ, ШЫҰ, АӨІСШК, ЕҚЫҰ, БҰҰ сияқты жоғары халықаралық форумдарында ядролық қауіпсіздік, әлемдік қаржы дағдарысы, жасырын көші-қон, есірткінің заңсыз айналымы, діни экстремизм және лаңкестік, т.б. ғаламдық қыр көрсетулер мен қауіптерді шешуде күштерді біріктіруге шақырады.

Ертең аяқталатын конференцияда танымал саясаткерлер мен дипломаттар түрлі елдерден келген ғалымдармен бірге БҰҰ-ның халықаралық күн тәртібінің көкейкесті мәселелерін және қазіргі шиеленістердің ауыспалы табиғатына әсер ететін кешенді проблемаларды, олардың шығу себебін талқылайды, сондай-ақ олардың алдын алу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлейді.

Ұымдастырушылар - БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.