Ауғанстандағы ынтымақтастық кездесу

18 қазан, 2012

25-27 қыркүйек аралығында Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасымен университеттің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетіне бөлінген 110 АИР студентін Ауғанстаннан алып келу үшін Кабулға іс-сапарға Тастемирова Г.А., Амирканов М.Б. барып қайтты.

«Біздің өтінішіміз бойынша жоғарыда айтылған мәселелер елшілікте талқыланып 26 қыркүйек күні ҚР мен АИР арасындағы білім алу бағдарламасымен айналысатын елшінің екінші хатшысы Нұрболат Андасовпен бірге Ауғанстандағы Орта білім беру министрлігінің саяси және оқу бағдарламасы жөніндегі директоры Абдул Факим Аламзаймен кездесуге бардық», дейді өз сөздерінде оқытушылар.

Үстіміздегі жылдың 27 қыркүйек күні Кабулдағы Білім минстрлігінде Кабулдағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен ауғанстандық студенттерді Қазақстандағы оқу жүйесімен таныстыру мақсатында пресс-конференция өтті. Пресс-конференция мақсаты: елімізге келетін үміткерлерді Қазақстандағы білім жүйесімен таныстыру. Пресс-конференцияға Қазақстан тарапынан Кабулдағы Қазақстан елшілігінен елшінің білім беру бағдарламасы жөніндегі екінші хатшысы Андасов Нұрболат, консулы Қажиев Қазбек, қарулы күштер құрылымы бастығының орынбасары Кучиков Серік және ҚазҰУ-дың халықаралық білім беру департаменті директорының орынбасары Марат Болысбекұлы Әмірханов және Ауғанстан тарапынан Білім министрлігің орынбасары Кәсіптік және техникалық білім беру министрінің орынбасары Абдулла Кузаби, саяси және оқу бағдарламасы жөніндегі директоры Абдул Фахим Аламзай және аудармашы әрі Білім министрлігіндегі халықаралық бөлімнің қызметкері Карими Ахмадулла қатысты.

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті