15 сәуірде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің сайтында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және М.В.Ломоносов атындағы ММУ журналистика факультеттері студенттерінің бірлесіп шығарған «Журналист» газеті жарық көрді.
Жоба идеясын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті деканы, профессор Ғ.Ж. Ибраева ұсынды. Жобаны жүзеге асырушылар доцент Е.И. Дудинова мен доцент А.В. Рожков. Идеяны М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің журналистика факультеттінің деканы профессор Е. Вартанова және декан орынбасары, доцент М. Лукина шын жүректен қолдады.
2009 жылдың наурызында Астанада ТМД елдерінің белгілі ЖОО-ның Ректорларымен кездесу болды. Сол жиында ҚазҰУ мен ММУ білім және ғылым саласы бойынша алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуді ұйғарғаны белгілі. Міне, бұл – журналистер жобасының алғашқы қадамы! Студенттік газет ең басты екі мәселеге арналды: ҚазҰУ-дың 75 жылдық мерейтойына және сәуір айында өтетін жас ғалымдар мен студенттердің «Ғылым әлемі» ІІІ Халықаралық конгресіне арналды.
Газет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойына арналған сый ретінде кәсіби деңгейде шыққандығы қуантады.
Газетпен танысып шығамын деушілер мына сайттан оқи алады: http://gazeta.journ.msu.ru