- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі туралы талқыланды
ҚазҰУ-да әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі туралы талқыланды
2012 жылғы 22 қазанда Тәрбие департаментінің ұйымдастыруымен биология факультетінде Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау Департаменті Зейнетақымен қамтамасыз ету және әлеуметтік төлемдердің түрлері, олардың тағайындалуы жөнінде жалпылай түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметік сақтандыру жүйесін жетілдіру және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың тәртібі» атты тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге оқытушы-профессорлар, студенттер қатысып, өздерін толғандырып жүрген төңіректегі сауалдарына толық жауап алды.
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті директорының орынбасары Алтынбекова Гүлсара Асылбекқызы кездесуді өзінің кіріспе сөзімен бастап, бүгінде қалада қаншалықты әлеуметтік қорғау бойынша жасалып жатқан істер туралы да айта кетті. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ-ы ақпаратпен қамтамасыз ету және талдау Департаментінің директоры Болатбекова Гүлбағила Қоңырбайқызы «Объязательное социальное страхование в Республике Казахстан» атты баяндама жасап, жан-жақты түсініктеме беріп, студенттерге тиімді тұстары мен қажеттілігі жайында маңызды мағлұматтармен бөлісті. Ал, Алматы қаласы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Шәмиева Ардақ Мүбәракқызы өзінің баяндамасында «Қазақстан Республикасында азаматтарды әлеуметтік қорғау және зейнетақымен қамсыздандыру туралы» айтып, күнделікті кездесіп отырған мәселерге тоқталды. Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығының Алматы қалалық филиалы директорының орынбасаы Баешева Гүлшат Ершекқызы кездесуге қатысушыларға ақпараттық қағаздар таратып, электронды түрде, ғаламтор арқылы ақпарат алуға болатын жолдарын айтты.
Кездесу өте қызықты әрі қажет ақпараттарға толы болды.