"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
«Медициналық-биологиялық кластер батыс елдерінде инновация мен қаржылай түсімді ең көп беретін сала. Әлемдік қаржы құралдарының 85 пайызы фармомедицина-биология саласында. Бізде медициналық факультеттер құрылымдық жағынан Білім және ғылым министрлігіне емес, Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды», - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев. Оның айтуынша, бұған қазақстандық университтердің тарихи жағдайға қарай классикалық жүйеде құрылуы өз ықпалын тигізуде. Рейтинг әрбір университеттің өз стратегиясын құруына жақсы тетік бола алады. Өйткені рейтингтің барлық көрсеткіштері білім беру сапасын күшейтуге бағытталған. Ол білімнің өндірістік, технологиялық, қолданбалы қырларын дамытады. Себебі барлық білім ғылым арқылы келеді.