- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция.
«Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция.
2012 жылдың 23-24 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - нің конференцзалында өткенконференцияШығыстану факультеті, Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институты және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының (ТЮРКСОЙ) ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Коференцияның басты мақсаты - түркі халықтары мәдениетінің рөлі мен оның шығыс өркениетіне ықпалын анықтау.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді:
- Түркі халықтарының диалогы: тарих және қазіргі заман
- Түркі халықтарының рухани-тарихи мұрасы және түркі халықтары ынтымақтастығының болашағы
- Мәдени және діни бірегейлік эволюциясы
- Түркі тілдері мен әдебиеттерінің өзекті мәселелері: тарих және қазіргі заман
Конференцияға Қазақстан ғалымдарымен қатар Түркия, Қытай,Нидерланды, Корея,Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. шығыс елдерінің ғалымдары қатысты.
Сонымен қатар, конференция барысында, шығыстану факультетінің деканы Жұбатова Баян Нұрсұлтанқызы өз баяндамасымен шыққанын айта кеткіміз келеді.