- Басты бет
- Жаңалықтар
- Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 118 оқытушысы мен қызметкерлері пәтер кілтіне ие болды
Алматыда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 118 оқытушысы мен қызметкерлері пәтер кілтіне ие болды
«Ақкент» тұрғын үй кешенінің жаңа пәтерлер кілтін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметкерлеріне университет ректоры Ғалым Мұтанов және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов табыс етті. Шараға ҚазҰУ оқытушылары, «Нұр Отан» ХДП партиясының өкілдері, тұрғындар мен құрылыс компаниялары қатысты.
Көппәтерлі үйдің құрылысы 2006 жылы басталғанымен, құрылыс жұмысы дағдарысқа байланысты тоқтап тұрған болатын. Университет басшылығы мен «Парасат» кәсіподағы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жоғары оқу орындарының дамуы әлеуметтік бағдарламасын негізге ала отырып, үлескерлер құқығын қорғауда баспана мәселесіне қатысты жұмысты тездетіп, көптен күткен қуанышқа қол жеткізуге, тұрғындардың қоныс тойын тойлап, баспаналы болуына көмектесіп отыр.
«Университет басшысы Ғалым Мұтановтың және «Парасат» кәсіподағының табандылығының арқасында жылдар бойы құрылысы жүргізіліп жатқан құрылыс сұрақтары Алматы қаласының әкімшілігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры және «Нұр-Отан» ХДП тарапынан да қолдау тапты. Қажет қаражат бөлініп, құрылыс аяқталды. Құрылыс жұмысы аяқталуына «Нұр-Отан» ХДП-ның қатаң әрі тұрақты бақылауы өз нәтижесін берді», - деп атап өтті өз сөзінде «Парасат» қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов қазұу-дық пәтер иегерлерін қоныс тойымен құттықтап, баспана тыңғылықты, заманауи құрлғылармен және асханалық жабдықтармен жабдықталғанын, жаңа құрылыстағы екі үй аумағының әсемдігіне тоқталып өтті. Жақын арада шағын ауданда мектеп, бала бақша денсаулық мекемелері бой көтеретін болады.
«Бүгін менің отбасым үшін өте маңызды да меркелелі күн. Біз өте әдемі пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Университет басшылығына сондай-ақ, көп жылғы құрылыстың шешімін табуға атсалысқан басқа да өкілдерге алғысымды айтамын. Мен сонымен бірге менімен бірге қоныс тойын атап отырған өзімнің ұжымым үшін де қуаныштымын», - дейді жүрекжарды лебізімен бөліскен химия және химиялық технология факультетінің деканы Ердос Оңғарбаев.
Жиыны «Ақкент» тұрғын үй кешенінен ҚазҰУ-дың 118 өкілі ие болды. Олардың қатарында университет ардагерлері, жетекші оқытушылар мен мамандар бар.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі