«Бітер істің басына, жақсы келер қасына»

6 қараша, 2012

«Гүл өссе – жердің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері соның дәлелі. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Осы орайда Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі С.С. Айдосова, кафедра доценттері Н.З. Ахтаева, Г.К. Ерубаева, А.Т. Мамурова мен бірге «Фитодизайн»,«Бөлме өсімдіктері», «Ботаник» үйірмелері студенттері (Эко105-106К, Эко101- 103К, ББ 202К топтары) ұйымдастыруымен «Кафедра күніне» арналған №7 жатаханада көгалдандыру мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік шараға тек жатақхана студенттері ғана емес факультет деканы Т. М. Шалахметова және деканның орынбасары З. Б. Есимсиитова, сондай-ақ жатақхана меңгерушісі Ж.Р. Базарбаева, жатақхананың студенттік кеңесі мүшелері: Б. Үсіпбек, Т. Алиева, Қ, Тастамбек ашық аспан астында әуеленген ән әуенімен шабыттана жүріп, белсене жұмыс жасады. Санаулы уақыт аралығында көгалдандыру мерекелік іс –шарасы аясында жатақханаға 30 -дан астам бөлме гүлдері отырғызылып,сыйға тартылды.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» - демекші «Жатахананы көгалдандыру» мақсатында өткізілген мерекелік іс-шараға бір кісідей ат салысып, «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дегендей осындай үлкен шараға демеуші болып, көмек көрсеткені үшін барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды айтамыз. Осындай игі істер әрдайым жалғасын таба берсін деген тілектеміз!