Желэнергетикалық потенциал - Қазақстанның қоршаған ортасын жақсартудың құралы ретінде

7 қараша, 2012

Энергоэкология кафедрасының ғылыми-тәжірибелік семинары Орталық Азия Аймақтық Экологиялық Орталығының (РЭЦЦА) «Климаттың өзгеруі және тұрақты энергетика» бағдарламасының жетекші маманы, Японияның Цукуба университеті түлегінің қатысуымен, желэнергетикалық потенциалға байланысты болды.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде түрлі жел энергия көздерін пайдаланудың өте үлкен практикалық тәжірибесі жинақталған. Қазба отынға қарағанда, жел энергиясы мүлдем таусылмайды, барлық жерде болады және экологиялық жағынан таза. Алайда, жел электростанцияларын салу желэнергетикасының таралуын тежейтін кейбір техникалық және экономикалық сипаттағы қиыншылықтармен байланысты.

Ахметов Алмаз өзінің баяндамасында атап көрсеткендей, ҚР жел энергетикасы аймағында жүргізілетін барлық зеттеулер негізінен техникалық потенциалды бағалау мақсатында жүргізіледі. Алайда, дүние жүзінде альтернативті қуат көздері сияқты жел энергетикасы да мемлекеттегі/аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүзеге асырылады. Сондықтан да, желэнергетикасының мемлекеттің экологиялық жағдайына оң әсерінің анализі қажет.

Ғылыми-семинар жетекшісі, кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар бойынша орынбасары Баяндинова С.М.