Халықаралық ынтымақтастық департаменті IAESTE студенттік тағылымдама алмасу бағдарламасына құжаттарды қабылдауды бастады

7 қараша, 2012

IAESTE халықаралық тағылымдама алмасу бағдарламасына техникалық мамандықтардың 3, 4 - курс бакалавр студенттері, магистранттар және PhD докторанттар қатыса алады. Қатысушының оқу үлгерімі жақсы, ағылшын тілін жетік меңгерген және компьютерлік біліктілігі болуы тиіс.


Аталмыш бағдарламаға қатысу төмендегі бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. Халықаралық ынтымақтастық департаментінде ағылшын тілі білімін анықтайтын сұхбат жүргізіліп, қатысушылардың толтырылған өтініштері қабылданып, және Қазақстандағы IAESTE комитетіне жолданады.
  2. Өтініштер IAESTE комитетінде қарастырылып, тек дұрыс рәсімделген құжаттар тағылымдама жүзеге асатын елдегі IAESTE комитетіне жолданады.
  3. Құжаттар тағылымдама жүргізілетін елдегі IAESTE комитетінде қарастырылып, қатысушының номинация оферіне сәйкес жұмыс берушіге жіберіледі.
  4. Жұмыс беруші соңғы шешімді қабылдайды.

Өтініш беру 10-қарашаға дейін жалғасады.

Тағылымдамадан өту көбіне жазғы демалыс кезінде 2 ай және одан көп мерзімде жүзеге асады (мамыр айынан қырқүйек айына дейін).

Бағдарламаның күнтізбесі

1. Өтініштерді қабылдау: Қазан айынан қарашаның 15-на дейін

2. Орынға ие болу және номинацияларды рәсімдеу: ақпан-наурыз айлары

3. Жауапты алу (acceptance notes: 5а, б): сәуір-маусым айлары

4. Визаны дайындау және тәжірибеге кету: сәуір айынан бастап

Сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:

Әкімшілік ғимараты

Халықаралық ынтымақтастық департаменті, 12 қабат, 12-04 каб.

Тел.: 377-33-33 (ішкі номер 11 67 )

Email: ulzhan.kabdelova@kaznu.kz

Kaznu2030@gmail.com