ҚазҰУ-да «Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті

7 қараша, 2012

Конференцияда «Ғұндардың Еуразиядағы халықтардың ұлы қоныс аударуы кезеңіндегі ғұндардың материалдық мәдениеті» тақырыбындағы пленарлық баяндамамен ҚазҰУ-дың дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, профессор Қ.Т. Жұмағұлов белсенді түрде қатысты. Сонымен қатар, конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Т. Омарбеков «Алғашқы түрік қағандарының мемлекет құруға байланысты әскери қызметі (V-VII ғасырлар)» баяндамасымен және профессор Б. Кәрібаев «Қазақ хандығының құрылу тарихының кейбір мәселелері» баяндамасымен қатысты.

Конференция келесі секциялар бойынша өтті: «Түркі филофиясы: бастаулары-дәстүрлері-болашағы», «Әлемдік-тарихи өлшемдегі түркілік мәдени мұра», «Түркі әлемінің мәдени, әлеуметтік және діни бірегейлігі», «Түркі халықтарының тарихы және заманауи геосаяси үдерістер», «Түркі халықтарының этнопсихологиясы және білім беру дәстүрлері».

Конференцияның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары, тарих, археология және этнология факультетінің профессорлары халықаралық ғылыми конференцияға қатысты.