"Айқын" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет

9 қараша, 2012

Шылым шекпейтін факультет

Елбасының бастамасымен, Қазақстан БҰҰ-ның саммитінде «Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия» және «Аймақаралық «Жасыл көпір» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Осы бағдарламаны іске асыруда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белсенділік танытып келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ ағымдағы жылдың маусым айында Рио-де-Жанейрода «Рио+20» бағдарламасын тұрақты дамыту бойынша өткен БҰҰ Жаһандық саммитінде қабылданған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» бөлігінде қарастырылған негізгі ережеге сүйене отырып «Green campus» жобасының бастамашысы болып отыр. Жоба аясында «Экологиялық күн» атты акция жарияланды.

Акция «Біз таза ауа үшін» атты та­­қырып аясында басталды. Мұнда уни­верситетке 170-ке жуық оқыту­шылар мен студенттер жеке көлік­те­рін үйге қалдырып, қоғамдық көлік­пен келді. Сондай-ақ осы кезде ве­лотұрақтың да ашылу салтанаты өтті. Арнайы құрылған ба­қы­лау­шылар тобы факультет жанындағы темекі шегетін орында оқытушылар мен студенттердің бос уақытта темекі тартуларын да санап шықты. Бұл ак­цияның «Шылым шекпейтін фа­культет» атты бөлімі негізінде іске асы­рылған болатын. Ал осы шара ба­­рысында университеттің мұражайы да белсенді қызмет көрсетті.
Ортаның экологиясын жақсарту-ға шақыратын бұл акцияның қоры­тын­ды бөлімі университеттің геог­рафия және табиғатты пайдалану фа­культетінің үлкен залында жал­ғасын тапты. Қорытынды бөлімді география және табиғатты пайдалану факультеті, энерго-экология кафед­расының меңгерушісі Жанна Рәсіл­қызы Төреғожина ашты. Содан кейін осы акцияны ұйымдастыруға атса­лысқан «Алматықағаз» жарамсыз қа­ғаздарды қайта өңдеп шығару ор­нының директоры Садыр Шағұжаев, PR-менеджер Екатерина Кармышева және макулатура жинау департа­мен­тінің директоры Ин Александр Бо­рисович арнайы келіп универси­те­тімізде макулатура жинау бойынша байқауға қатысқан факультеттерді марапаттады. Байқаудың қоры­тын­дысы бойынша 3-орын журналистика факультеті (240 кг), 2-орын биология және биотехнология факультеті (250 кг), 1 орынды география және таби­ғат­ты пайдалану факультеті (417 кг) және заң факультеті (420 кг) ие бол­ды. Ал «Шылым шекпейтін факуль­тет» байқауы негізінде биология және биотехнология факультеті мен геог­рафия және табиғатты пайдалану факультеттері жеңімпаз атанды.

Нұрхан ҚАРАСАЙ