"Қазақпарат" ұлттық ақпарат агенттігі
. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған бұл шараны әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұйымдастырып отыр. Оған еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласын зерттеуші көрнекті ғалымдар, жас ізденушілер және Орталық Азия халықтарының этномәдениетін зерттеуші шетелдік ғалымдар мен визуальды коммуникация саласының белгілі мамандары қатысуда. Конференция кезінде елдің интеллектуалды әлеуетін арттыру - мемлекеттік саясаттың басты векторы; Қазақстандық БАҚ интеллектуалды қоғам қалыптастырудың ақпараттық-коммуникативтік алаңы ретінде; Қазақстанның интеллектуалды әлеуеті артуындағы медиамәдениеттің рөлі; Қазақ әдебиеті мен өнерінің интеллектуалды құндылықтарды қалыптастырудағы орны; Білім мен ғылым - өркениетті қоғам қалыптастырудың интеллектуалды қоры ретінде; Интеллектуалды әлеуетті арттырудағы гуманитарлық технологиялардың маңызы сияқты тақырыптар талқылануда. Конфереция барысында бұқаралық коммуникация, медиасемиотика және мәдениеттану салаларын зерттеуші ғалымдардың «Интеллектуалды ұлттан - интеллектуалды әлеуетке» атты ұжымдық монографиясы мен www.intelligent.kz гуманитарлық зерттеулер порталының тұсаукесері болады деп жоспарлануда.